Оnline режиміндегі кеңес

2019 жылдың 12 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы облысының Статистика департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Гүлбахыт Рымбекқызы Жүмәділова мен Заң басқармасының бас маманы Бағдат Елтайұлы Ибраимов online режимінде Ақсу, Алакөл және Сарқан аудандарының Статистика басқармалары  қызметшілеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалары мен Әдеп кодексін сақтау бойынша  түсіндіру кеңесін өткізді.

-Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің 5-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілер өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға, қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға, сонымен қатар іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс, – деп атап өтті Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі.

 

Сарқан ауданының статистика басқармасы басшысы Фариза Құмар.

 қыркүйек 2019 жыл

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер