Қор жайлы

 

«БЖЗҚ» АҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы «БЖЗҚ» АҚ-ның құрылтайшысы әрі акционері болып табылады.

«БЖЗҚ» АҚ-ның мемлекеттік акциялар пакеті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруында тұр.

«БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтерін басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңеспен бірлесіп жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар жасау функциялары Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық Қорды басқару жөніндегі кеңеске берілді.

МИССИЯСЫ:

Қызмет сапасын көтеру, зейнетақы активтерін дұрыс есепке алу, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетін көтеру арқылы зейнетақы жинақтарын қалыптастыруда салымшыларға ұйымдастырушылық көмек көрсету.

КЕЛЕШЕК:

БЖЗҚ – Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағындарының сенімді бірыңғай басқарушысы және операторы.

010.png ҚЫЗМЕТТЕР:

009.png зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды
    • міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын;
    • ерікті зейнетақы жарналарын тарту арқылы жасау (жеке зейнетақы шотын ашу);
009.png төлемдерді ресімдеу;
009.png салымшыларға (алушыларға)  зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жеке зейнетақы шотынан ақпарат беру;
009.png жеке зейнетақы шоттары иелерінің деректемелерін өзгерту (жеке және байланыс ақпараты);
009.png жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеу және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет мәселелері бойынша  тегін кеңес беру.

Бейне роликтер