Қош келдің 2019 Жаңа жыл!!!

    «Сарқан ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

мүмкіндігі шектеулі балаларға  үйде әлеуметтік  көмек көрсету бөлімшесінде оңалту залында  Сарқан қаласы бойынша есепте тұрған балаларға жаңа жыл мерекесіне  орай «Қош келдің 2019 Жаңа жыл!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Мерекелік шараны бөлім басшысы Әділова Нұржан Төлеубайқызы  балаларды келіп жеткен жаңа жылымен құттықтап, сыйлықтарын тарту етті.

Шара барысында түрлі ертегі  кейіпкерлерінің қызықты қойлымдар қойып, думанды кештің сәнің кіргізді. Балалар мерекеге арнап  ән, би билеп өз өнерлерін көрсетті. Жасыл шырша мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастырған Мүмкіндігі шектеулі балаларға  үйде әлеуметтік  көмек көрсету бөлімшесінің қызметкерлеріне іс-шараға  демеушілік  көрсетіп, қолдау танытатқан «Абдрахимов» ШҚ басшысы Мират Хаматайұлына, мерекені өз өнерлерімен жаңдандырып, шырайын келтіре білген аудандық мәдениет үйінің ұжымына және Сарқан гуманитарлық колледжінің «Айкүміс» бишілер тобына шынайы алғыс білдіреміз

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер