«Республикалық маңызы бар «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» км 287 – 1073, 410 – 480 шақырымы участогы автомобиль жол учаскесін қайта жаңғырту жұмыс жобасының техникалық шешімдері мен «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» бойынша ашық жиналыс түрдегі қоғамдық тыңдау ХАТТАМАСЫ

  1. Өткізілген күні: 31 қазан 2018 ж, сағат 16:00
  2. Өткізілетін орны: Алматы облысы Сарқан ауданы, Сарқан қаласының мәдениет үйі ғимаратында
  3. Қоғамдық тыңдау ұйымдастырушысы: «Сарқан ауданы әкімшілігінің аппараты» ММ, АҚ «ҚазАвтоЖол» ҰК» филиалы – «Құрылыс дирекциясы», Бас жобалаушы – «Каздорпроект» ЖШС.
  4. Қоғамдық тыңдауды өткізу туралы ақпарат қоғамдық тыңдауды өткізу туралы хабарландыруларда, мемлекеттік және орыс тілдерінде, бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми интернет-ресурстарында жариялау арқылы жұртшылық назарына жеткізілді, атап айтқанда:

– «Сарқан» аудандық газетінің редакциясында, № 38(9286) басылымында, басылым күні 28 қыркүйек 2018 жылы;

– Алматы облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында,  басылым күні 27 қыркүйек 2018 жыл;

– «Республикалық маңызы бар «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» 287 – 1073 шақырымы, 410 – 480 шқ участогы автомобиль жол  учаскесін қайта жаңғырту  жұмыс жобасының техникалық шешімдері мен «Қоршаған ортаға әсерді бағалауға» қатысты материалдары келесі мекен-жай бойынша ашық түрде қол жетімді болды: Алматы қаласы, Дубок-2 шағын ауданы, 3 үй, «Каздорпроект» ЖШС.

 

  1. Қатысқандар:

– мүдделі ұйымдар өкілдері;

– фермерлік, шаруа қожалықтары мен кәсіпорындар өкілдері;

– жергілікті атқарушы органдар өкілдері;

– жобаның тапсырыс берушісі –  АҚ «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» филиалы – «Құрылыс дирекциясы»

– бас мердігер өкілдері – «СIТIС Construction Co., Ltd»;

– Алматы облысы бойынша жобаның техникалық қадағалау өкілдері – ТОО «ГК Инжиниринг»;

– бас жобалаушы өкілдері – «Каздорпроект» ЖШС-ң жобаның бас инженері Нұрхамытова Аида Рыскелдіқызы, «Каздорпроект» ЖШС-ң экологы Напенов Берік Мұратпекұлы;

– 410 – 480 шқ участогы жобасын әзірлеушілер – «Казахский Промтранспроект» ЖШС директорының орынбасары – Ефимченко Петр Геннадьевич және  «Казахский Промтранспроект» ЖШС-ң бас экологы Слащева Алена Юрьевна;

– осымен бірге қатысушылардың тізімі тіркеген.

 

Қоғамдық тыңдаудың төрағасы мен хатшысын сайлау:

Төраға кандидаты ретінде қатысушыларға – Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Мұқанов Арман Тұрсынович ұсынылды, хатшы кандидаты ретінде  – Сарқан ауданы әкімшілігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері басшысы Қауменов Айдар Болатович ұсынылды.

Қатысушылар ұсынылған кандидаттарға бірауыздан дауыс берді, қарсы немесе дауыс бермей қалғандар жоқ.

Төраға қоғамдық тыңдаудың күн тәртібі мен уақыт тәртібін бекітті.

 

  1. Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібі:
  2. «Республикалық маңызы бар «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» 287 – 1073 шақырымы, 410 – 480 шқ участогы автомобиль жол учаскесін қайта жаңғырту жұмыс жобасының техникалық шешімдері және жобамен танысу.  Регламенттелген уақыт – 10 мин.
  3. «Республикалық маңызы бар «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» 287 – 1073 шақырымы, 410 – 480 шқ участогы автомобиль жол учаскесін қайта жаңғырту жұмыс жобасының «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» бөлімі және табиғат қорғау шараларының презентациясы. Регламенттелген уақыт – 10 мин.
  4. Баяндамашыларға сұрақтар қою;
  5. Қоғамдық тыңдауға қатысушылардың сөз сөйлеуі. Регламенттелген уақыт – 5 мин;
  6. Қоғамдық тыңдау бойынша шешім қабылдау.

 

  1. Сөз сөйлегендер:
  2. Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Мұқанов Арман Тұрсынович;
  3. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалының – «Құрылыс жөніндегі дирекциясы» филиалының атқарушы директоры Керімқұлов С.С.
  4. «Казахский Промтранспроект» ЖШС директорының орынбасары – Ефимченко Петр Геннадьевич;
  5. «Казахский Промтранспроект» ЖШС бас экологы Слащева Алена Юрьевна;

 

Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Мұқанов Арман Тұрсынович тыңдау қатысушыларымен сәлемдесіп, «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында автомобиль жолын қайта жаңғыртудың маңыздылығын атап өтіп, кіріспе сөзін сөйледі.

АҚ «ҚазАвтоЖол» ҰҚ »– филиалы  «Құрылыс дирекциясының» басқарушы директоры Керімқұлов С.С. автомобиль жолын қайта жаңғыртудың мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді. Берілген автомобиль жолының учаскесін қайта жаңғырту  «Эксимбанк» және  Республикалық бюджет арқылы қаржыландырылады. Сонымен қатар, Консорциум түрінде СIТIС Construction Co., Ltd,  АО «Тодини» и ТОО «К-Дорстрой» құрамымен құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуын түсіндірді. Құрылыс кезеңінде жергілікті жұмыс күшін тарту жоспарлаған.

«Республикалық маңызы бар «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен»  287 – 1073 шақырымы, 410 – 480 шқ участогы автомобиль жол  учаскесін қайта жаңғырту  жұмыс жобасының техникалық шешімдерінің презентациясын «Казахский Промтранспроект» ЖШС директорының орынбасары – Ефимченко Петр Геннадьевич таныстырды. Тыңдаушылар қайта жаңартылатын автомобиль жолының техникалық параметрлерімен, мал өткелдері, көпір өтпелердері, су құбырлармен таныстырылды.

Сонымен қатар, жобада қабылданған техникалық шешімдерді презентациялық материалдарды көрсетумен толықтай таныстырды:

  • «ЮНЕСКО»-ның бүкіләлемдік мұрағаттар тізіміне ілінген «Қойлық қалашығының» қорғау аймағының кедергі келтіруі салдарынан, жол бағытының өзгеруі туралы;
  • қолданыстағы нормативтердің талаптарына сәйкес жобамен Қойлық ауылының айналып өту жолы қарастырылғаны;
  • жобаланатын қиылыстардың, автобус аялдамаларының, демалыс алаңдарының саны мен орналасқан жерлері және т.б.;
  • жабайы жануарлардың көшіп-қону жолдары туралы.

 

«Казахский Промтранспроект» ЖШС-ң бас экологы Слащева Алена Юрьевна жобаның автомобиль жолын қайта жаңғырту кезiндегі қоршаған ортаға әсер етуді бағалау бөлімінің мәліметтерімен және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралармен таныстырды. Флора мен  фаунаға, жер үсті сулары мен топырақ жамылғысына, атмосфералық ауа, табиғи ресурстарға  кері әсерін тигізуді азайту және болдырмау жөніндегі іс-шараларға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, автомобиль жолын қайта  жаңғырту  үшін  жерді бөлу бойынша және жер пайдаланушылардан жерді иеліктен алу кезінде келтірілген шығынды өтеу туралы мәселесі қарастырылды. Сондай-ақ, қайта жаңартылатын автомобиль жолының бойында орналасқан ауылдарда тұратын халықтың әлеуметтік жағдайына, автомобиль жол құрылысының тигізетін әсерлерінің мәселесi қарастырылды.

 

  1. Қоғам өкілдерінің ұсынысы, сұрақтары және ескертпелері:

 

Сұрақ 1. Алмалы және Абай ауылдарының ортасында құрылыс кезінде уақытша айналма жолы автомобиль жолының оң жағынан суармалы жерлерден өтеді. Айналма жолды автомобиль жолының сол жағына суарылмайтын егістікке ауыстыру мүмкін бе?

Жауап.  Суару арығы мен жер асты байланыс кабельдерінің сол жақтан өтуіне байланысты айналма жол автомобиль жолының оң жағынан орналастырылған болатын. Суару арығының жұмыс істемейтінін екенін ескере отырып, айналма жолды сол жаққа орналастыру мүмкіндігі бар.

 

Сұрақ 2. Алмалы ауылынан кейін жол астынан дюкер типті екі құбыр өтеді. Олар құрылыс кезінде қалпына келтіріле ме және су өткізетін жеткізуші арықтар жабылады ма?

Жауап. Дюкерлер бұрынғы орындарында қалады. Тек конструкциялары ауыстырылады. Суару жүйесі өзгеріссіз қалдырылады. Жеткізілетін каналдың өлшемдері 1.6×1.8 құрайтын 428 шақырымдағы дюкер үшін арықты темірбетон тақталармен жабу мүмкіндігі бар.

 

Сұрақ 3. Автобус аялдамаларында қоқыс жинайтын контейнерлер орнатылады ма және оны шығарумен кімдер айналысады?

Жауап. Автобус аялдамаларында қоқыс жинайтын контейнерлер орнатылады. Қоқыс шығарумен жол пайдалану қызметі айналысады.

 

Сұрақ 4.  Дәретханалар орналастырылады ма?

Жауап. Типтік конструкциямен қарастырылған дәретханалар тек демалыс аймақтарында орналастырылады.

 

Сұрақ 5.  Қойлық ауылының орталық көшесінде тротуар және жарықтандыру қарастырылған ба?

Жауап. Аталған көшеде барлық ұзындығы бойынша орташа жөндеу қарастырылған.  Тротуарды орналастыру және жарықтандыру қарастырылмаған.

 

Сұрақ 6. Көктем кезінде батпақ және жол үйіндісі арқылы құймалар болып тұратындықтан Абай ауылынан кейін 438 шақырым тұсында иірімді топырақтар кездеседі. Аталған участокта қандай шаралар қолданған?

Жауап. Аталған участокта жол үйіндісі 4 метрге дейін көтерілген,  су құбырларының өткізу қабілеті ұлғайтылған және топырақты ауыстыру қарастырылған.

 

Сұрақ 7. Алмалы ауылының  ішіндегі жолды жөндеу қарастырылған ба?

Жауап.  Жоқ, жобада жөндеу қарастырылмаған.

 

Сұрақ 8. Жол құрылысы қашан аяқталады?

Жауап.  Жолды толық пайдалану 2022 жылдың ақпан айына жоспарланған.

 

Ұсыныстар:

 

1-ші ұсыныс. 01.11.2018 ж  таңғы 8-30 да айналма жолына автомобиль жолы бойында орналасқан шаруа қожалықтарының иелерімен бірлесіп қабылданған техникалық шешімдерді нақтылау үшін жолға шығуды жүзеге асыру.

 

Ескертулер түскен жоқ.

 

  1. Талқылаудың қорытындысы бойынша негізгі тұжырымдар:

Жобаны әзірлеуші өкілдері және  АҚ «ҚазАвтоЖол» ҰК-ң филиалы –  «Құрылыс дирекциясы» өкілі барлық қойылған сұрақтарға жауап берді.

Ашық дауыс беру арқылы қоғамдық тыңдауларға қатысушылар «Республикалық маңызы бар «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» 287 – 1073 шақырымы, 410 – 480 шқ участогы автомобиль жол  учаскесін қайта жаңғырту  жұмыс жобасын жүзеге асыруға келісімін берді.

Қоғамдық тыңдаулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілген деп жарияланады.

 

Хаттамаға қосымша:

  1. Қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың тізімі 3 бетте;
  2. «Сарқан» аудандық газетінің редакциясындағы хабарландырудың көшірмесі, № 38(9286) басылымында, басылым күні 28 қыркүйек 2018 жылы, 2 бетте;
  3. Жол учаскесіне комиссиялық шығу нәтижелері бойынша есеп.

 

 

 

Қоғамдық тыңдаудың төрағасы                                         Мұқанов А. Т.

Қоғамдық тыңдаудың хатшысы                                         Қауменов А. Б.

 

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер