Балдырған балабақшасына 10 жыл

Сарқан қаласының «Балдырған» балабақшасының ұжымын 10 жылдық мерей тойымен шын жүректен құттықтаймыз!!!
2008 жыл Сарқан қаласында алғаш болып бүлдіршіндерге есігін айқара ашқан «Балдырған» балалар бақшасына биыл 10 жыл толып отыр. Салтанатты шара барысында кішкентай бүлдіршіндеріміз дайындаған шағын қойылымдарын ұсынып, ән-биден шашу шашып, мерекенің мәні мен сәнін келтіре түсті.

Аудан әкімі Е.Қошанбеков «Балдырған» ұжымын айтулы 10 жылдықтарымен құттықтап, өз алғысын білдіре отырып, ұжым қызметкерлеріне ел іргесін ұстайтын бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолында талмай еңбек етіп, балалардың күлкісімен нұрлансын деп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Балдырған» балалар бақшасын 10 жыл бұрын тәрбиеленіп, қанат қағып ұшқан түлектеріде өздерінің ыстық алғыстарын жеткізді. Шара соңында бақша ауласына 10 жылдыққа тарту ретінде, 10 түп қарағай көшеттері отырғызылды.

 

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер