Болашаққа бағдар Pухани жаңғыру бағдарламалық мақаласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар тексерілді

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мониторинг жүргізу мақсатында Алматы облысының өңірлік Жобалық кеңсесінің мамандарынан құралған жұмыс тобы 22 қазан күні Сарқан ауданында аталған бағдарламаның орындалуы барысы бойынша жұмыстарға тексеру жүргізіп, әдістемелік көмектер көрсетті.


Сарқан ауданы бойынша Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында межеленген міндеттерді жүзеге асыру бойынша тиісті шаралар қабылданған. Сонымен қатар бағдарламалық мақаланы жүзеге асыру мақсатында аудандық комиссия құрылып, 4 кіші бағдарлама аясында жұмыстар жүргізілуде.
Жұмыс тобы жүргізген мониторинг қорытындысына сәйкес ауданымызда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айқындалған міндеттер жоғары дәрежеде ұйымдастырылып өткізіліп жатқандығы анықталды.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер