Генерал есімі ардақталды

Бүгін Сарқан қаласында «23 маусым Полиция күні» мерекесі қарсаңында жерлесіміз милиция генерал-майоры Әбдіқадыр Болсамбековке арналған бюст мүсіні салтанатты түрде ашылды. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында ерекше бір орын алатын «Туған жер» бағдарламасы аясында іске асырылған игі істердің бірі.
Мақаланың негізгі мақсаты сол өңірде туып өсіп, бірақ уақыт өте келе, көміскіленіп бара жатқан бір туар тұлғаларымызды келешек ұрпаққа өмірімен, істеген қызметімен жақынырақ таныстыру, арқылы елін-жерін, Отанын сүйуге тәрбиелеу. Ақпан айында ұйымдастырылған «Жерлестер форумында» Әбдіқадыр Болсамбековке арнап ескерткіш қойылатындығы айтылған еді, қолдаушылардың, бірге жұмыс істеген әріптестерінің, тәрбие беріп өмір жолына қосқан шәкірттерінің арқасында бүгін сол жәйттің куәсі болдық.

Бюстің ашылу салтанатына Алматы облысы ішкі істер департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ұрымханов Мұрат Жалелұлы және Алматы облыстық маслихатының хатшысы Дүйсембинов Сұлтан Мырзабекұлы, үзеңгілес достары, әріптестері, ұрпақтары қатысып, өз алғыстарын жеткізді.
Сонымен қатар, шара аудандық мәдениет үйінде Әбдіқадыр Болсамбековке арналған «Генералдың өмір-жолы» атты конференциямен жалғасын тауып, генералдың өмірінен сыр шертетін қызықты мағлұматтар айтылып, қызметте істеген ерліктері баяндалды.
Сондай-ақ, ҚР Полициясының 25 жылдығына орай мерекелік төс белгісімен бір қатар қызметкерлер, зейнеттегі ардагерлерге тарту етілді. Әбдіқадыр Болсамбековті еске алу мақсатында полиция қызметкерлері арасында волейболдан, футболдан жарыстар ұйымдастырылып бағалы сыйлықтармен алғыс хат табысталды.


Шара соңында Алматы обылыстық Сүйінбай атындағы филармониясының өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылып, жиналған қауымға Әбдіқадыр Болсамбековті еске алуға арналған ас берілді.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер