Рухани керуен тобы Сарқан ауданында

«Рухани керуен» тобының іс-сапары Сарқан ауданына қарасты шалғай ауыл Аманбөктерде жалғасты. Тау етегінде орналасқан, тұмса табиғаты тамсандырар өлкенің 100 түтіні, яғни 600-ден аса тарта тұрғыны бар. Олардың тең жартысы аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Маманбаевтың бастауымен «Аманбөктер орта мектебінде» керуен тобын қарсы алды.


Алдымен, Дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетовтың баяндамасы тыңдалды. Облыстың діни ахуалы, конфессиялық ұйымдар, діннің асыл құндылықтары сынды мәселелер қамтылып, кеңінен ақпарат берілді.


Сонымен қатар, шара барысында белгілі дінтанушы Бағдат Бейсенов зайырлылық ұғымы, дәстүрлі дінмен керағар діни ағымдар, терроризм, экстремизм тақырыптарының күрмеуін тарқатып, әңгімеледі. Білім ордасында сала аясында кеңінен мағлұмат беретін көрме де ұйымдастырылып, мамандар тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Облыстық Сүйінбай атындағы филармония өнерпаздары да ән мен жырдан шашу шашып, шараның көрігін қыздырды. Іс-сапар Үшарал қаласына қарасты 2484 әскери бөлімінде дәл осындай форматтағы жиынмен жалғасты. Оған мекеме қызметкерлері қатысты.


Әскерилерге басқарманың «Дін және мәдениет – руханият әлемі» атты газеті мен түсіндірме кітапшалары таратылды.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер