Жалпы халықтық диктант өткізілді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар» жоспарына сәйкес, бүгін республика бойынша латын әліпбиінен жалпыхалықтық диктант жұмысы болып өтті.


Жалпыхалықтық диктантқа Сарқан ауданы бойынша Алмалы, Аманбөктер, Амангелді, Бақалы, Екіаша, Қарабөгет, Қарашыған, Қойлық, Көктерек, Лепсі, Черкасск, Шатырбай ауылдық окргтерінде, Сарқан қаласындағы Абай, Ы.Алтынсарин, Ақын Сара, Н.Островский атындағы орта мектептер мен №1 мектеп гимназиясында сонымен қатар, Сарқан гуманитарлық, политехникалық колледждерінде, көмекші мектепте, аудандық орталық ауруханада, орталық кітапхананың оқырман залында және де Сарқан қаласында қарасты Бірлік ауылындағы Бірлік орта мектебінде ұйымдастырылып, жалпы 2277 адам қамтылды.


Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, мектеп-колледж мұғалімдері және мектеп оқушылары мен студенттер қатысты.

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер