Сарқан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы«Сарқан ауданының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы»№ 52-215 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

         ЖОБА

 

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет   кодексінің 104-бабының 4-тармағының 5) тармақшасына және 106-бабының               4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сарқан аудандық мәслихатының «Сарқан ауданының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 52-215 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4998 тіркелген, 2019 жылдың 16 қаңтарында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 6 716 358  мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 346 289 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 2 710 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 10 360 мың теңге;

трансферттер түсімі 6 356 999 мың теңге, оның ішінде:

төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер 256 мың теңге, оның ішінде:

нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару 256 мың теңге;

мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер 5 356 743 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 2 487 983  мың теңге;

нысаналы даму трансферттері 58 910  мың теңге;

субвенциялар 3 809 850  мың теңге;

2) шығындар 6 723 512  мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 41 231 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 60 600 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 19 369 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 48 385 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын  қаржыландыру  (профицитін пайдалану) 48 385

мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихатының «Экономика саласы, қаржы, салық және бюджет, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер, экология жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сарқан аудандық

мәслихатының сессия төрағасы                                                            Ж. Игіман      

 

Сарқан аудандық

мәслихатының хатшысы                                                               Қ. Абдрахманов

 

 

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер