Сарқан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы «Сарқан ауданының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 52-215 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 Жоба

 

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет   кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы      23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының     1) тармақшасына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сарқан аудандық мәслихатының «Сарқан ауданының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 52-215 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде       № 4998 тіркелген, 2019 жылдың 16 қаңтарында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 6 844 060 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 360 368 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 4 364 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 19 627 мың теңге;

трансферттер түсімі 6 459 701 мың теңге, оның ішінде:

төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер 256 мың теңге, оның ішінде:

нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару 256 мың теңге;

мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер 6 459 445 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 2 514 400  мың теңге;

нысаналы даму трансферттері 135 195 мың теңге;

субвенциялар 3 809 850 мың теңге;

2) шығындар 6 851 214 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 44 066 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 63 435 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 19 369 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 51 220 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын  қаржыландыру  (профицитін пайдалану) 51 220

мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихатының «Экономика саласы, қаржы, салық және бюджет, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер, экология жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сарқан аудандық

мәслихатының сессия төрағасы                                                        

 

Сарқан аудандық

мәслихат хатшысы

 

 

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер