Сарқан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Сарқан ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 72-287 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет   кодексінің 104-бабының 4-тармағының 5) тармақшасына және 106-бабының               4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сарқан аудандық мәслихатының «Сарқан ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 72-287 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5396 тіркелген, 2020 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 9 002 870 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 707 376 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 117 623 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 29 465 мың теңге;

трансферттер түсімі 8 148 406 мың теңге, оның ішінде:

ағымдағы нысаналы трансферттер 2 563 931 мың теңге;

нысаналы даму трансферттері 1 172 226 мың теңге;

субвенциялар 4 412 249 мың теңге;

2) шығындар 9 025 210мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу  40 225 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер  63 624 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 23 399 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 62 565 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын  қаржыландыру  (профицитін пайдалану) 62 565

мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихатының «Экономика саласы, қаржы, салық және бюджет, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер, экология жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сарқан аудандық

мәслихатының сессия төрағасы                                                                  

 

Сарқан аудандық

мәслихатының хатшысы                                                               

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер