Сарқан ауданы бойынша дауыс берудi өткiзу және дауыс санау үшiн сайлау учаскелерiн құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы                     28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының                23-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Сарқан ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сарқан ауданы бойынша дауыс берудi өткiзу және дауыс санау үшiн сайлау учаскелерi осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
  2. Сарқан ауданы әкімінің «Сарқан ауданы бойынша дауыс берудi өткiзу және дауыс санау үшiн сайлау учаскелерiн құру туралы» 2015 жылғы 27 қаңтарындағы № 1-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3036 тіркелген, 2015 жылдың 04 наурызында «Сарқан» аудандық газетінде жарияланған) және Сарқан ауданы әкімінің «Сарқан ауданы әкімінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы «Сарқан ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» № 1-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 1-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3698 тіркелген, 2016 жылдың           17 ақпанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Сарқан ауданы әкiмінің аппарат басшысы Б. Абибековке жүктелсiн.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

          Аудан әкімі                                                                  М. Разбеков

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер