Сарқан  ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

ЖОБА

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының                         6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Алматы облысында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы                       24 желтоқсандағы № 560 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3682 тiркелген) және «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтi есептеу әдiстемесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2016 жылғы 1 қыркүйектегi № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 тіркелген) сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сарқан ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары осы шешiмге 1 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
  2. Сарқан ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер осы шешiмге 2 қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика саласы, қаржы, салық және бюджет, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер, экология жұмыстарын қамтитын тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

      Сессия төрағасы                                                     А.Омаров                       

                                                     

      Аудандық мәслихат хатшысы                            Қ. Абдрахманов

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер