Сарқан ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

“Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің  509-бабының 5-тармағына, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының  13-тармақшасына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты   ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сарқан ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихатының “Экономика саласы, қаржы, салық және бюджет, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер экология жөніндегі” тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Сарқан аудандық мәслихатының «Сарқан ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» 2019 жылғы 25 қазандағы № 68-272 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5288 тіркелген, 2019 жылдың 30 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкінде жарияланған) шешімінің  күші жойылсын.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Сарқан аудандық мәслихатының
сессия төрағасы

Сарқан аудандық
мәслихатының хатшысы                                                    К. Абдрахманов

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер