Сарқан ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

ЖОБА

 

 

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің  509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының              6-бабына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сарқан ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
  2. «Сарқан ауданы бойынша пайдаланбайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшермелерін жоғарлату туралы» Сарқан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 сәүірдегі № 2-8 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3840 тіркелген. «Сарқан» аудандық газетінде 2016 жылдың 3 маусымында № 22 (9170) жарияланған) күші жойылды деп танылсын
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау  Сарқан аудандық мәслихатының «Экономика саласы, қаржы, салық және бюджет, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер, экология жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап

күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сарқан аудандық

мәслихатының сессия төрағасы                                                   Д. Догоманов

 

Сарқан аудандық

мәслихат хатшысы                                                                         Қ. Абдрахманов

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер