Сарқан ауданы бойынша тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын қадағалау жөніндегі 2019 жылы I тоқсанда атқарылған жұмысы туралы ақпарат

Сарқан ауданы бойынша 25 мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, олар: – аудан әкімінің аппараты (АХАТ қызметі), 13 ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, 10 аудандық бөлімдер (сәулет және қала құрылысы бөлімі, ветеринария бөлімі, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жер қатынастары бөлімі, білім бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімі).  Аудан аумағында Мемлекеттік корпорацияның 1 бөлімі: Сарқан қаласында жұмыс жасайды (Халыққа қызмет көрсету орталығы).

2019 жылдың 3 айында көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 10982 (10960 жеке тұлға, 22 заңды тұлға) оның ішінде  қағаз түрінде –153 (136 жеке тұлға, 17 заңды тұлға) мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген қызмет саны – 136 (136 жеке тұлға), электрондық түрде ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 10693 (10688 жеке тұлға, 5 заңды тұлға).

Статистика көрсетіп отырғандай, 2019 жылғы I тоқсан қорытындысы бойынша неғұрлым көп мемлекеттік қызмет көрсетіп отырған мемлекеттік мекемелер – аудандық ветеринария станциясы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, аудандық білім бөлімі.

2019 жылдың 28 қаңтар күні Екіаша ауылында Мәдениет үйінде және 2019 жылдың 22 наурыз күні «М.Тынышпаев» атындағы орталық алаңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкелері өткізілді. Аталған шараларға  ауыл шаруашылығы бөлімі, білім бөлімі, жер қатынастары бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі аудандық ветеринария станциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі, ветеринария бөлімі, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, «Сарқан аудандық әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы коммуналдық» ММ-сі қатысты. Мемлекеттік органда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлері бойынша баннерлер, инфографикалар, ақпараттық тақталар ілінді. Брошюралар, жадынамалар және «Egov» электронды порталы арқылы қызметтер түрлерін алудың жеңілдіктері туралы түсіндіріліп халыққа арнайы жарнамалар (қазақ және орыс тілінде) таратылды. Жоғарыда аталған іс-шаралар бойынша қамтылған адамдар саны- 515.

2019 жылдың 1 тоқсанында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 5 жиын өткізілді (семинарлар, дөңгелек үстелдер). Барлық өткізілген іс-шаралар бойынша қамтылған адамдар саны- 130.

2019 жылыдың 1 тоқсанында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімдері бұзылғандары (просрочка) болмады. Аудан бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің орындау мерзімдері бөлімшемен үнемі бақылауда.

Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы 11-бабының 12-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына, 2018 жылдың 21 желтоқсандағы аудан әкімінің №92-ө н/қ өкіміне, Сарқан ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау іс – шараларының 2019 жылғы жоспарына сәйкес жыл басынан 6 мекемеде ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді, дайындалған актілердің саны -6. 2019 жылдың І тоқсанында «Сарқан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі», «Сарқан аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»,  «Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі», «Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемелері және Черкасск, Шатырбай ауылдық округтері аппараттары тексерілген болатын, тексеру нәтижесінде жалпы анықталған бұзушылықтар Черкасск, Шатырбай ауылдық округтері аппараттарында «Сауда-сатықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін  мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне кұқықтарды алу», «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасы сақталынбағаны анықталған. Аталған мәселелер бойынша  көрсетілген бұзушылықтар жан-жақты талқыланып, алдағы уақытта болдырмау жолдары қарастырылды.

Жүргізілген ішкі бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарға жол бергендері үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 44 бабының 3 тармағының 1 тармақшасына сәйкес Черкасск ауылдық округі әкімі аппаратының жауапты маманы – бас маман А.Темирхановаға 2019 жылдың 10 сәуірдегі округ әкімінің №10-ө ж/қ өкімімен және Шатырбай ауылдық округі әкімі аппаратының жауапты маманы – бас маман А.Нурсалановаға 2019 жылдың 01 сәуірдегі округ әкімінің №12-ө ж/қ өкімімен тәртіптік жаза ескертулер, берілді.

Сарқан ауданы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау жөніндегі жұмыстардың орындалуы қатаң бақылауда.

1 қалалық, 12 ауылдық округ әкімі аппараттарында «Электронды қызмет көрсету бұрышы» ашылып, жұмыстарын атқаруда.

Аудан әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі №121  қаулысымен  талдау тобы құрылып, 2019 жылдың 1  тоқсанында  3 мемлекеттік мекемеге мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын дамыту мәселелері бойынша талдау жүргізілді, талдау барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған барлық жағдай жасалғаны пандус салынғаны, ғимарат сыртында қоңырау, брайль, тақтайшасы орнатылғаны, арнайы автотұрақтың  бары не жоғы тексерілді. Талдау тобының ұсыныстары назарға алынып, 20 маусымына дейін орын алған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныс берілді.

Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі арыз – шағым түскен жоқ.

 

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер