Сарқан ауданы бойынша тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын қадағалау жөніндегі 2019 жылы ІІ тоқсанда атқарылған жұмысы туралы ақпарат

Сарқан ауданы бойынша 25 мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, олар: – аудан әкімінің аппараты (АХАТ қызметі), 13 ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, 10 аудандық бөлімдер (сәулет және қала құрылысы бөлімі, ветеринария бөлімі, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жер қатынастары бөлімі, білім бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімі).  Аудан аумағында Мемлекеттік корпорацияның 1 бөлімі: Сарқан қаласында жұмыс жасайды (Халыққа қызмет көрсету орталығы).

2019 жылдың 3 айында көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 23707 (23532 жеке тұлға, 175 заңды тұлға) оның ішінде  қағаз түрінде –392 (392 жеке тұлға, 0 заңды тұлға) мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген қызмет саны – 1583 (1445 жеке тұлға, 138 заңды тұлға), электрондық түрде ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 21732 (21695 жеке тұлға, 37 заңды тұлға).

Статистика көрсетіп отырғандай, 2019 жылғы ІІ тоқсан қорытындысы бойынша неғұрлым көп мемлекеттік қызмет көрсетіп отырған мемлекеттік мекемелер – аудандық ветеринария станциясы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, аудандық білім бөлімі.

2019 жылдың 1 жартыжылдығында 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілді. 2019 жылдың 1 жартыжылдығына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 8 жиын, 6 акция өткізілді (семинарлар, дөңгелек үстелдер).  Барлық өткізілген іс-шаралар бойынша қамтылған адамдар саны- 3740. Аталған шараларға  «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету» департаментінің Сарқан аудандық бөлімі және жергілікті атқарушы органдар толығымен қатысты. Мемлекеттік органда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлері бойынша баннерлер, инфографикалар, ақпараттық тақталар ілінді. «Egov» электронды порталы арқылы қызметтер түрлерін алудың жеңілдіктері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,  брошюралар, жадынамалар (қазақ және орыс тілінде) таратылды.

Сонымен қатар, «Электронды үкімет веб-порталын» қолдануды оқыту бойынша 2019 жылға бекітілген жүйелі жоспарды орындау мақсатында, оқыту, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстарының мақсаты – аудан тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру сондай-ақ электрондық-цифрлық қолтамбамен толығымен қамтамасыз ету. Электрондық мемлекеттік қызметтерді алу жолдары және «telegram» мессенджер арқылы EgovKzBot сервисын пайдалану мүмкіндіктері кеңінен насихатталды. Электрондық мемлекеттік қызметтерді халық арасында насихаттау мақсатында 2 бейнеролик түсірілді.

2019 жылыдың 2 тоқсанында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімдері бұзылғандары (просрочка) 1 факт анықталды. Анықталған бұзушылықтарға жол бергендері үшін жауапты тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аудан бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің орындау мерзімдері бөлімшемен үнемі бақылауда.

Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы 11-бабының 12-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына, 2018 жылдың 21 желтоқсандағы аудан әкімінің №92-ө н/қ өкіміне, Сарқан ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау іс – шараларының 2019 жылғы жоспарына сәйкес ІІ тоқсанда 6 мекемеде ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді, дайындалған актілердің саны -6. Қарабөгет, Амангелді, Аманбөктер, Екіаша, Алмалы ауылдық округтері және Сарқан қаласы  әкімдерінің аппараттары тексерілген болатын, тексеру нәтижесінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімін сақтамау бойынша 2 факт орын алды, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2016 жылғы 30 наурыздағы 151 бұйрығымен бекітілген «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі бойынша қызмет берушіге («Екіаша ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне) 18.01.2019 ж. О.Кемперовтен, 23.01.2018 ж. А.Багдалиннен түскен өтініштері бойынша орындау мерзімі сақталмағаны анықталған. Аталған мәселелер бойынша  көрсетілген бұзушылықтар жан-жақты талқыланып, алдағы уақытта болдырмау жолдары қарастырылды.  Жүргізілген ішкі бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарға жол бергендері үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 44 бабының 3 тармағының 1 тармақшасына сәйкес Екіаша ауылдық округінің әкімі М.Естеуовке 2019 жылдың 11 маусымдағы аудан  әкімінің №186-ө өкімімен тәртіптік жаза ескерту қолданылды.

Сарқан ауданы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау жөніндегі жұмыстардың орындалуы қатаң бақылауда.

1 қалалық, 12 ауылдық округ әкімі аппараттарында «Электронды қызмет көрсету бұрышы» ашылып, жұмыстарын атқаруда.

Аудан әкімдігінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруды бақылау бойынша арнайы талдау тобын құру туралы»                         2018 жылғы 29 тамыздағы №240 қаулысынын күші жойылып 2019 жылдың 08 сәуірдегі №121 қаулысымен  талдау тобы қайта құрылып, жұмыстарын жүргізуде.        ІІ тоқсанда 5 мекемекеге талдау жұмыстары жүргізілді Сарқан аудандық орталық ауруханасы, Қалалық емханасы, “Екіаша ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі, “Сарқан аудандық білім бөлімінің Екіаша орта мектебі” коммуналдық мемлекетік мекемесі, “Сарқан аудандық білім бөлімінің Н.Островский гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейі мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекетік мекемесі. Аталған мекемелерде қызмет алушыларға жасалған жағдайларға талдау жүргізілді. Талдау барысында анықталған кемшіліктер бойынша тиісті мекеме басшыларына ұсыныстар енгізіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңнын 5 бабының 2 тармағаның 6 тармақшасын орындау мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедектермен қарым қатынас жасау дағдыларына үйрету бойынша, 2019 жылдың мамыр айында Сарқан ауданы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсететін құрылымдық бөлімдерінің және ауылдық округ әкімдіктерінің жауапты 17 маманға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының дәріс берушілердің қатысуымен 24 академиялық сағат көлемінде оқу-әдістемелік семинар ұйымдастырылып, сертификаттар тапсырылды.

Есепті мерзім ішінде азаматтардан мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі арыз – шағым түскен жоқ.

 

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер