Сарқан ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сарқан ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарқан ауданы әкімі аппаратының басшысы Абибеков Бауыржан Бақытовичке жүктелсін.
  3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                   М. Разбеков

 

 

Сарқан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы «__»___________«Сарқан ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» №___ қаулысына қосымша

 

 

Сарқан ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі

 

 

  1. Сарқан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы «Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 122 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-17-115 болып тіркелген);
  2. Сарқан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 желтоқсандағы «Сарқан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 638 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3671 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтардағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
  3. Сарқан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі «Сарқан ауданының Аманбөктер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 518 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3498 болып тіркелген, 2015 жылғы 02 қарашадағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
  4. Сарқан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 шілдедегі «Сарқан ауданының Көктерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 316 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3317 болып тіркелген, 2015 жылғы 04 тамыздағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер