ЖОБА
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2, және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 5 331 616 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер 313 110 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 39 239 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 46 555 мың теңге;
трансферттер түсімі 4 932 712 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 518 710 мың теңге;
нысаналы даму трансферттер 304 152 мың теңге;
субвенциялар 4 109 850 мың теңге;
2) шығындар 5 331 616 мың теңге.
3) таза бюджеттік кредиттеу 40 744 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 57 353 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 16 609 мың теңге;
- қаржы активтері мен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 40 744 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 40 744 мың теңге.
- Ауданның жергілікті атқарушы органының 2019 жылға арналған резерві 4 689 мың теңге сомасында бекітілсін.
- 2019 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процессінде секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихатының «Экономика саласы, қаржы, салық және бюджет, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер, экология жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарқан аудандық мәслихатының
кезекті _ сессиясының төрағасы
Сарқан аудандық
мәслихатының хатшысы