Сарқан ауданының құқық бұзушылықтар профилактикасының 2017 – 2019 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалуы туралы ақпарат.

Алматы облысының кешенді жоспары бойыынша Сарқан ауданындағы  бекітілді. Аталған жоспарға сәйкес аудандық мемлекеттік органдар тарапынан іс-шараларды іске асыру бойынша жүйелі түрде төмендегідей  жұмыстар атқарылуда:

Ағымдағы жылы АІІБ-нің жергілікті полиция қызметі бойынша қазіргі таңда 10 полиция пунктері жұмыс істеп тұр, оларға 13 учаскелік полиция инспекторлары бекітілген. Қазіргі таңда Сарқан қаласына кіре берісінде, шыға берісінде және халық көп шоғырланған орындарда, сауда орталықтарында, орталық аурухана аумағында, автобекетте, халыққа қызмет көрсету орталығында бейнебақылау камералары орнатылған. Сарқан қаласында үш бағыт бойынша халықты тасымалдауға арналған үш қоғамдық көлік жүреді. Көлік иелерімен қоғамдық көлікті бейнебақылау жүйелерімен жабдықтаудың маңыздылығы түсіндірілді. Аулалар мен кіреберістерді жасанды жарықпен жайластыру іс-шаралары жүргізілуде.

2018 жылы аталған іс-шара аясында аудан орталығындағы көпқабатты үйлердің аулалары мен кіреберістеріне жасанды жарық жүргізу жұмыстары жасалынған. Аулаларды жасанды жарықпен қамтамассыз ету ең алдымен түнгі уақыттағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға және болдырмауға бағытталғандықтан алдағы уақытта жалғасын табады. Аудан аумағында бөтеннің мүлкін ұрлауды тоқтату мақсатында «Ұрлыққа жол жоқ» жол картасының орындау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда аудандығы барлық ауылдық округтерде мал ұрлығын алдын алу негізінде мал иелерімен үшжақты келісім шарттарға тұру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 72 келісім шарт жасалынды. Жол жүрісіне қатысушылар арасында апаттылықты төмендетуге, оның ішінде балалардың жол-көлік жарақаттары профилактикасына бағытталған насихаттық-ақпараттық іс-шаралар өткізілді. Ағымдағы  жылда  «Өмір-жылдамдықтан қымбат», «Абайлаңдар балалар!» «Біз жол ережесін білеміз бе?» акциясы  өткізілді. Акциясының басты мақсаты – жол апатының алдын алып, ел  болашағының өмірін сақтап, елімізді көркейтуге  үлес қосуына-бағыт  бағдар  беру болып табылады.  Акцияның  өткізілуіне  өз  үлестерін  қосқан  аудан әкімшілігі  және білім бөлімі, сонымен  қатар  тәуелсіз мекемелер  мен  азаматтар, жергілікті полиция қызметкерлері.

2018 жылдың жазғы кезеңінде 1-10 сынып аралығындағы 10688 оқушыны іс-шараның барлық түрімен  қамтылды. Оның ішінде 2919 баланы түрлі іс-шараға бірнеше рет қамту арқылы барлығы 9884 бала қатыстырылды. Жетім, жартылай жетім, ата-анасының қамқорынсыз қалған, мүгедек, аз қамтылған, көпбалалы отбасы балалары, оқу үздіктері мен  әр түрлі саладағы жеңімпаздар, аудандық ішкі істер бөлімі мен мектепішілік бақылауға алынған балалар, сәтсіз отбасы және басқа да категорияларға жататын 3012 балалар 100 % қамтылды. Балалар қауіпсіздігін алдын алу бойынша білім беру ұйымдарын бейнебақылау қондырғыларымен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 2018 жылға 9 млн. 776 мың қаражат бөлінген. Кәмелетке толмағандардың арасында өзіне- өзі қол жұмсау фактілерін болдырмау үшін медициналық қызметкерлері мен мектеп психологтарының бірлескен жедел алдын алу іс-шаралары, барлық ауылдық окргутерде тәрбие сағаттары, әңгімелер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Сарқан ауданының білім беру  ұйымдары құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша үнемі жұмыс жүргізуде. 2017-2018 оқу жылында «Құқықтық тәрбие», «Менің құқығым», «Заң және біз» тақырыптарында  3 семинар, 5 дөңгелек үстел, 20 құқық қорғау органдары  және аудандағы үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен кездесулер ұйымдастырылды.

Қараусыз және қадағалаусы қалған балаларды анықтау бойынша «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық рейдтік іс-шаралары ұдайы жүргізілуде Кәмелетке толмағандар тарапынан қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жалпы білім беретін мектептерде мұғалімдер мен ата аналар комитетінің өкілдері тарапынан Ерікті жасақшылар тобы құрылып күнделікті кешкілік рейдтер жүргізіледі. Сарқан  ауданы Қойлық ауылында ағымдағы жылы 70 бала тарбиеленетін 1 «Қарлығаш»  бала бақшасы салынып пайдалануға берілді. 2018 жылы аудандық білім беретін ұйымдарда спорт саласында үздік жетістіктерге жеткен ел мақтаныштарымен, белгілі атақты адамдармен, ғалымдармен, соғыс ардагерлерімен кездесу іс-шараларын ұйымдастыру жоспарлануда. Сарқан ауданы бойынша 19214 әйел, оның 6291 қалада, 12923 әйел ауылда. 438 аз қамтылған әйел азаматтарына 19789,6 теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек кемтар балаларды үйде оқытып отырған 45 әйел азаматтарына 1430 әлеуметтік кқмек төленеді. Ішкі істер бөлімінде әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімше тобы өз жұмысын атқаруда. Аталған топ мекемлерде, оку орындарында және жұмыс істемейтін әйелдер арасында әлеуметтік зерттеулер жасап, сауланама жүргізді.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, жолын кесу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім тұлғалармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» кездесулер өткізілді. Әйелдерге қарсы жасалған қылмыстар бойынша  «Әйелдерге қарсы» жасалынған қылмыстарды тіркеу журналына тіркеліп  талдау жұмысы  жүзеге  асырылуда. Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге психологиялық көмек көрсетілді. Қолайсыз отбасыларға қажетті көмек көрсету және қолдау үшін полиция қызметкерлерінің, білім беру, денсаулық сақтау, еңбекпен қамту және ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен әкімдіктер жанындағы Әйелдердің істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын ұйымдастырып турады. Қолайсыз отбасылар балаларының, тәрбиесі қиын балалардың жазғы демалыс уақытын дұрыс пайдалануы қадағалануда.

Барлық   дүкендерде кәмелетке толмаған  балаларға  темекі, ішімдік  туралы  сауалнамалар жүргіліп ескертпелер айтылды. Алкогольдік ішімдіктерді ішу фактілерін немесе масаң күйде қоғамдық орындарда болған адамдарды анықтау;- есірткіге тәуелді адамдарды наркологиялық ұйымдарға  мәжбүрлеп емдеуге жіберу;- атыс қаруының барлық түрлерінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылды;- қолайсыз отбасылармен және басқа да есепте тұрған адамдар санаттарымен жұмысты жандандыру арқылы кісі өлтіру және өлімге әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілерінің санын төмендету бойынша тиісті шаралар қабылданып, рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Медициналық қызметкерлерді, оның ішінде ауылдық жерлерде алкогольдік немесе нашақорлық масаюды анықтау мәніне медициналық куәландыру өткізу бойынша оқыту жұмыстары жүргізілді. Сарқан аудан ішкі істер бөлімінде әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімше тобы өз жұмысын атқаруда. Аталған топ мекемлерде, оку орындарында және жұмыс істемейтін әйелдер арасында әлеуметтік зерттеулер жасап, сауланама жүргізді. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, жолын кесу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім тұлғалармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» кездесулер өткізілді. Әйелдерге қарсы жасалған қылмыстар бойынша  «Әйелдерге қарсы» жасалынған қылмыстарды тіркеу журналына тіркеліп  талдау жұмысы  жүзеге  асырылуда. Жұмыспен қамтылмаған жастарды және жұмыссыздарды қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге тарту бойынша  тұрғындарды еңбекпен қамтуды қамтамасыз етілуде, жұмыссыздарды, әсіресе жастарды төленетін қоғамдық жұмыстарға тартып, оларды кәсіби даярлық және оқуларға жіберіп қосымша шаралар жасалуда.

Қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға, оның ішінде қоқыс лақтыруға, тыныштықты бұзуға, алкогольдік ішімдіктерді ішуге және т.б. төзбеушілік ахуалын қалыптастыруға азаматтар тартылуда. Құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру мәселесі  бойынша интернет-конференция ұйымдастырылды. Қоғамдық орындарда азаматтардың мінез-құлық ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізе отырып, «Үлгілі  аула», «Үздік  кіреберіс» , «Таза көше»  және тағы басқа  байқаулары өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарын және жұртшылықты тарта отырып, «Жолда қабылдау» және «Ашық есік күндері» профилактикалық акцияларын өткізілді, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольді және темекі өнімдерін сату туралы қабылданған заңдарды бақылау бойынша ұдайы рейдтер жүргізілуде. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуының оң    аспектілері туралы халықты ақпараттандыру мақсатында  ғаламтор желісінде, фейсбук парақшасына материалдар алдағы уақытта салынатын болады. Салауатты өмір салтын, патриотизмді насихаттау, қазақстан қоғамының заң сыйлайтын азаматының оң имиджін қалыптастыру  мақсатында орта мектептерде жас өспірімдерді және өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысу үшін кружоктар ашылған.

Кәмелетке  толмағандар және олардың ата-аналарымен құқыққа қарсы әрекеттерді жасауға болмайтындығы, салауатты өмір салтын жүргізу, алкоголь және есірткінің зияны, алкогольдік өнімдерді балалардың сатып алмаулары, балаларды тәрбиелеу және асырауда  жауапкершілікті  арттыру барысында білім мекемелерінде  іс-шаралар өткізіліп тұрады. Құқық бұзушылықтар профилактикасы жөніндегі мектеп оқушылары мен ата-аналарға әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер