«Саялы менің Сарқаным»

Сарқан ауданының 90-жылдығына,Сарқан қаласының 50-жылдығына орай Сарқан ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде «Саялы менің Сарқаным» атты көркем сурет байқауы өтті.

Байқауға Сарқан ауданы бойынша қызмет алатын балалар қатысып өз шығармаларын таныстырып  қорғады.Әділ қазылар алқасы ең үздік суреттерді бағалап қатысушыларды марапаттады.Бас жүлдені  Алмалы ауылының  келген 7-жастағы  Самархан Жұмажан,        1-ші орынды Бірлік ауылының келген  13-жастағы Чаек Анель және Сарқан қаласынан   8-жастағы Тоқтаған Ақеділ бөлісті, 2-орынды 8-жастағы Рахматулла Сафия, 3-орынды Алмалы ауылынан Сайполда Аман иеленді.Қалған  қатысушыларда  алғыс хаттармен  марапатталды.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде
әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің
меңгерушісі  Рысбекова Р

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер