• Гауһар Сұлтанқызы

    Салеметсізба Марат Мелісұлы. Толық емес семьяларға мемлекет тарапынан тұрғын үй алуға қандайда бір көмек барма? Бар болған жағдайда оған қандай құжаттар қажет? Мәселен менің екі балам бар. 2005жылы туылған ұл және 2006 жылы туған қызым бар. 2007жылы негізі бар себептермен заңды некені бұзуға тура келді. Бірақ мемлекет тарапынан берілетін пособияны да ала алмадық. Доход асып кетті деп атайды. Ол кездері мен декреттік демалыста ешқандай доходсыз бала бағып отырған едім. Енді осы Сарқан қаласынан бір үй ала алсақ деп ойлаймын.

    • 29 10 2018
    Жауапты көру

    Сәлеметсізбе! Сіздің аудан әкімінің сайтына жазған хатыңызды мұқият қарастырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі «Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы» №1292 Қаулысының 3 бабына сәйкес, Халыққа қызмет көрсету орталығына тиісті құжаттарды өткізіп тізімге тіркеле аласыз және тіркелген соң кезекке сәйкес тұрғын үй берілетінін ескертеміз. Қандай құжат тізімдері керектігі жайлы ақпартты сол жерден ала аласыз.

     

     

     

  • Касымгалий Әйгерім Маратқызы

    Құрметті Ерғазы Қошанбек ұлы.Мен Сарқан қаласының Балуан шолақ көшесінің тұрғыны сізден бір сұрауымыз бар.2018 жылдын басында кошемизде жөндеу жұмыстарын жүргізуін сураганбыз.Сіз жакын арада жонделеді ақшасы бөлінді тас тосемелер тосеп жұмыстары жүреді деген кагазын беріп единиз.Казіргі танда жөндеу жұмыстары жүргізілмейді.Осы мәселені қолға алып карастыруынызды сұраймын.Жаңбыр жауса балуан шолақ көшесінде машина тұрмақ жазу адамға жүруі мүмкін емес. Енді болмаса облыс әкімі Амандық Баталов мырзаның карастыруын сұраймыз осы мәселені

    • 5 06 2018
    Жауапты көру

    Сарқан ауданының әкімдігі Сіздің Балуан Шолақ көшесін жөндеу жұмыстары бойынша өтінішіңізге Сарқан қаласының көше жолдарының ағымды жөндеу жұмыстарына 2018 жылға қаражат бөлініп, Сарқан қаласының көше жолдары, соның ішінде Балуан Шолақ көшесі ағымдағы жылдың жаз айларында жоспарға сәйкес жүргізілетіні туралы жауап қайтарылғанын хабарлайды. Сарқан қаласының көше жолдарын ағымды жөндеу жұмыстарының мерзімі 2018 жылдың мамыр – тамыз айлары. Осыған байланысты, Балуан Шолақ көшесінің ағымды жөндеу жұмыстары жоспар бойынша ағымдағы жылдың 30 тамызына дейін жүргізіледі. 

     

  • Акимбаева Гульфия

    Ерғазы Қошанбекұлы! Сізге өзімнің ұлым 2015 жылы туылған Еділхан Алихан Ерсінұлы 2017 жылдың ақпан айында химиялық сүйықтық ішіп, өңеші күйіп, тамақ ішеалмай қалған болатын. Сол себепті, Қазақстан Республикасының барлық емханаларына барып, балам үшін ем іздеп, дерт таппадым. Балам Алматы, Астана қалаларындағы ауруханаларында 48-рет наркоз алып, жақсы болмады. Осыған орай Сарқан ауданының орталық ауруханасының бас дәрігері Шұлғаубаев Алтай Камиевичтің арқасында прафесор Мұхтар Нұрлан Арынұлын Сарқан ауданының орталық ауруханасына шақыртып ағымдағы жылдың наурыз айының 3 күні 4 сағаттықа созылған күрделі ота жасалынды. Ота тегін жасалынды. Ота жасауға осы аурухананың бас дәрігер Шұлғаубаев Алтай Камилевич және білікті хирург мамандары да қатысты. Кәзіргі таңда баламның денсаулығы жақсарып келеді. Өздігінен тамақ ішіп, үйге шықты. Кәзіргі таңда балам дәрігерлердің бақылауында. Осы күрделі ота жасаған дәрігерлерді (Мұхтар Нұрлан Арынұлын, Шұлғаубаев Алтай Камилевич, Булегенов Мұрат Айтмұханович, Мукреев Рүстем Ерікұлы, Уаканов Біржан Жәнібекович, Байжанов Олжасты) өз тарапыңыздан марапатауыңызды сұраймын.

    • 12 04 2018
    Жауапты көру
    Құрметті Гульфия!
    Балаңыздың денсаулығына саулық тілеймін. Адам жанына араша болып жүрген ақ халатты абзал жандардың еңбектерінің зор екені баршаға мәлім. Алдағы уақытта да денсаулық сақтау ісін тиімді ұйымдастырып, халыққа көрсетіп отырған дәрігерлік көмек көлемі мен сапасын жақсартып, қойған мақсаттар мен міндеттерді абыроймен, жоғары нәтижемен атқарады деп сенім білдіремін. Сондай – ақ, Сіздің аудандық орталық аурухана дәрігерлерін марапаттау жөніндегі ұсынысыңыз назарға алынатынын хабарлаймын.
  • Мадина

    Салеметсизбе Кошанбеков Ергазы Кошанбекович. 7 Наурыз күні қабылдаған заң бойынша микрокредит алайын деген едім 6% пайызбен жеке шаруашылығын бастағанға 500 мың көлемінде қаржы алайын деген едім.Ол үшін қандай құжаттар керек сіздерге барып өтініш жазуым керек па?

    • 19 03 2018
    Жауапты көру

    Сарқан ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі Сіздің жолдаған сұрағыңызға байланысты төмендегіні хабарлайды:

    Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің 4-ші бастамасына сәйкес, өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік болып саналатынын атап өтті. Егер, Сіздің қол жетімді 6% несие алып жеке шаруашылық бастағыңыз келсе, онда міндетті түрде «Сарқан ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып жұмыссыз ретінде тіркеліп, сонымен қатар “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқу курстарын тәмамдап, арнайы сертификат алуыңыз қажет.

    Жұмыспен қамту орталығына тіркелгеннен кейін, Сіз несие алу үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» Акционерлік қоғамына жолданып, аталған мекеменің несие менеджері қажетті құжаттар тізбесін беретін болады.

    «Сарқан ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері Сарқан қаласы, Тәуелсіздік, 117, телефон номері 8(72839) 22265.

Бейне роликтер