Түсіндірме жазба

Сарқан ауданыңда 2011 жылы, Сарқан қаласы және 32 ауылдық елді мекеннің  Сарқан аудандық мәслихатының 2011 жылғы 29 желтоқсандағы «Сарқан ауданының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын түзету коэффициенттері мен елді мекендердегі аймақтардың шекараларын бекіту туралы» № 54-318 шешімімен бекітілген болатын.

Осы уақытта ауылдық елді мекенге 3 (үш) елді мекен қосылған, сонымен қатар 2 (екі) ауылының атауы өзгертілген және Сарқан қаласын шекараларының кеңеюіне байланысты, жаңа көшелер пайда болған, кейбір көшелерінің атауы өзгертілген.

Аталған себептеріне орай Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 36-158 шешімімен «Сарқан ауданының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын түзету коэффициенттері мен елді мекендердегі аймақтардың шекараларын бекіту туралы» Сарқан аудандық мәслихатының 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 54-318 шешімінің күші жойылған.

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 11 бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Сарқан ауданының Сарқан қаласы және ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері сәйкес бекітілуі тиіс.

 

 

Бөлім басшысы                                                                           А.Сейпейов

 

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер