Түсіндірме жазба

2015 жылы аудан бойынша пайдаланылмайтын жер учаскелерін тексеру кезінде 8 шаруа қожалықтары және 1 заңды тұлға жер пайдаланушы жер учаскелерін пайдаланбайтыны анықталды. Анықталған барлық пайдаланылмайтын 619 га егістік жер.

2016 жылы 1 шаруа қожалығы және 6 заңды тұлғаның жалпы алаңы 8104 га егістік жері пайдаланылмағандығы анықталды.

2017 жылы пайдаланбаған 4 шаруа қожалығының 7500 гектар жайылым жері анықталды.

2018 жылы пайдаланбаған 69 шаруа қожалығының 46500 гектар жайылым жері анықталды.

2015-2018 жылдар аралығында пайдаланылмаған жер учаскелеріне тиісті шара қолдану үшін жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына құжаттары жолданған. Игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есеге жоғарылатсақ жер пайдаланушылар жерлерін пайдаланар еді.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)», 2018 жылғы 01 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 509 бабының 5 тармағына, 704 бабының 3 тармағына сәйкес, Сарқан ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатуға қажет.

 

 

Бөлім басшысы                                                                           А.Сейпейов  

 

 

 

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер