Ереже

Сарқан ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «__» ________
«Сарқан ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 12 маусымдағы
«Сарқан ауданы әкімінің
аппараты» мемлекеттік
мекемесінің Ережесін бекіту
туралы» № 126 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы №___
қаулысына қосымша

 

«Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің және әкімінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық,    ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
  2. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
  3. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк мекемесі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
  6. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
  8. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 041500, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Тәуелсіздік көшесі, № 111.
  10. Мемлекеттiк органның толық атауы – «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк мекемесi.
  11. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк мекемесiнің жұмыс режимі:

Жұмыс уақыты: 09:00-18:30

Үзіліс: 13:00-14:30

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

  1. Осы Ереже «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
  3. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  1. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттiк мекемесiнің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы Сарқан ауданының әкімдігі болып табылады.

 

  1. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

 

  1. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан әкімдігінің және әкiмнiң қызметiн қамтамасыз ету.
  2. Мiндеттерi: аудан әкімінің және әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
  3. Функциялары:

1) аудан әкімдігінің тоқсан сайынғы жұмыс жоспарын дайындау;

2) аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;

3) аудан әкімдігінің отырысына материалдарды дайындау;

4) Қазақстан  Республикасы  Президентінің,  Үкіметінің, облыс,  аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

5) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің, Қазақстан Республикасының  Президенті, Үкіметі мен Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларының, әкімдік қаулылары мен хаттамалық тапсырмаларының, облыс, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысы туралы облыс әкімін, аудан әкімін жүйелі түрде хабардар етіп отыру, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

6) аудан әкімі мен оның орынбасарлары өткізетін әкімдік отырыстарын, сондай-ақ басқа да іс-шараларды ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

7) аудан әкімі және оның орынбасарлары үшін ауданның             әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайын сипаттайтын материалдар дайындау;

8) аудан әкімдігі және әкіммен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің есебін, мониторингін, жүйеленуін және бақылау даналарын жүргізу;

9) кәсiптiк даярлық деңгейiн айқындау мақсатында аудан әкімі тағайындайтын лауазымдар тізбесіне кіретін кадр құрамына талдау жүргізу;

10) кадрларды оқытуды ұйымдастыру;

11) қызметтік құжаттарды қарау;

12) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

13) іс-жүргізу, әкімдікке келіп түскен хат-хабарларды өңдеу;

14) атқарушы органдармен бірлесе отырып, әкімдік отырыстарында қарау үшін мәселелер дайындау;

15) ауданның жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала мен ауылдық округтер әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметкерлерінің қызметінің тиімділігін бағалау бойынша жұмыстарды үйлестіру;

16) мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;

17) мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;

18) мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасы (ақпараттық жүйесі) арқылы жүргізу;

19) мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;

20) мемлекеттік органның кадрларының кәсіби дамыту, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы
29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына сәйкес  тағлымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолымен қамтамасыз ету;

21) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

22) мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету, қызметтік тексерістерді жүргізу, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқыту жүргізу, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде);

23) кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру;

24) мемлекеттік сатып алуды жүргізу және ұйымдастыру;

25) азаматтық хал актілерін тіркеумен байланысты жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру;

26) өз құзыреті шегінде  әкімшілік  құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

27) өз  құзыреті   шегінде  Қазақстан  Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

  1. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;

2) Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің орындалуына тексерулерді тұрақты негізде жүргізуге, анықталған құқық бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау;

3) әкімдіктің отырыстарына, жергілікті атқарушы органдардың жиналыстарына, алқаларына қатысу;

4) аудан әкімінің  қарауына  және  аудан  әкімдігінің  отырыстарына енгізілетін сұрақтарды дайындау үшін аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметкерлерін қатысуға тарту;

5) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

6) Сарқан ауданы әкімдігі және «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің атынан сотта талапкер және жауапкер болу;

7) «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.

 

 

  1. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметiн ұйымдастыру

 

  1. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
  4. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiгi:

1) «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру және жалпы басшылықты жүзеге асырады;

2) аудан әкімімен тағайындалатын лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізеді;

3) аудан әкімдігінің және әкімнің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылау  бойынша жұмысты үйлестіреді;

4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және қызметтік құжаттарға қол қояды;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын аппарат қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады, ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;

6) «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

7) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі мен қаражатына билік етеді;

8) шарттар мен келісімдер жасайды, есептік құжаттарға қол қояды, сенімхаттар береді;

9) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.

 

 

  1. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкi

 

  1. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

«Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

  1. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

 

  1. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін

қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Сарқан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бейне роликтер