«Жанашырлыққа – жан риза»

«Саркан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде» мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде «Мейірімді жүрек» атты қол өнер шығармашылық көрмесі өтті. Балалар өз қолдарынан шыққан туындыларын көрермендерге таныстырып өткеннен кейін, бөлімше басшысы Н.Адилова балалар мен ата-аналарға жылы лебізін білдіріп көрме жеңімпаздарын алғыс хатармен марапаттады.  Іс-шара соңы «Қайырымдылық –жылы жүректен» атты қайырымдылық акцияға ұласып Сарқан қаласы бойынша қызмет алатын 24 балаға демеушілер көмегімен сыйлықтар тарту етілді және балаларға дастарқан жайылды.

«Жанашырлыққа – жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау.

Бөлімшеде қызмет алатын мүмкіндігі шектеулі балаларға жылдар бойы демеушілік көрсетіп келе жатқан «Дидар» сауда орталығының иесі Ғали Бақытжанұлы Есеңқұлға және «Олжа» сауда орталығына бөлімше қызметкерлерінің атынан үлкен алғысымызды білдіреміз.

 

Бөлімше меңгерушісі

Р.Рысбекова

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер