ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№1

  « 04 »  сәуір  2019 жыл

 

 

Қойлық  ауылдық округі 

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

Алматы облысы   Сарқан ауданы

(аудан және облыс атауы)

2019-2021  жылдарға

 

Әзірлеуші: «Сарқан ауданының

Қойлық  ауылдық округі әкімінің

аппараты » ММ

 

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы2019-2021 жылдарға арналған Алматы облысы Сарқан ауданы Қойлық ауылдық округтің  дамыту бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары– Қойлық ауылдық округі 1913 жылы құрылған. Қойлық ауылының әкімшілік орталығы 1993 жылы құрылған, аудан орталығынан 44 шақырым жерде орналасқан.

 

– Халық саны 3173 адам (2019 жылдың 1 қаңтарына).

 

– Қойлық ауылдық округінің аумағында бір елді мекен орналасқан

 

– Қойлық ауылдық округінің аумағы 23875 га құрайды, оның 22400 га ауылшаруашылық алқаптары.

 

– Жергілікті қоғамдастық 2016 жылғы 05 тамызда құрылды, 3 жыл мерзімге берілді.

– Жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны 25 адам.

 

 

 

  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

2.1 Алмалы  ауылдық округінің 2019 жылдың  1 шілдесіне  әлеуметтік-экономикалық  дамыту бағдарламасының талдауы  

 

 

Жергілікті қоғамдастықты дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қойлық ауылдық округінің ауыл тұрғындары мен жақын орналасқан елді мекендерінің тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін көзделген.

2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 3173 адамды құрайды.

Ауылдық округ бойынша 3-ЖШС, 1-АДО, 2-АӨК, 77-ШҚ, 34-жеке кәсіпкер тіркелген.

Өсімдік шаруашылығы-ЖШС және шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі, ауыл халқының басты кәсібінің бірі жер игеріп, соның игілігін көру болып табылады. дәнді дақылдарды өсіруден басқа мал шаруашылығымен айналысады: ІҚМ және жылқы шаруашылығы.

Бағдарлама экономикалық қызмет көрсету, коммуналдық қызметтер көрсету, жұмыссыздық деңгейін төмендету, ауылдық округтердегі халықтың әл-ауқатын арттыру және дамыту мәселелерін қозғайды. Жұмыс орындарын құру, қазақстандық мемлекеттілікті дамыту және нығайту, округтің әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы

 

Бюджет және меншікті кірістер

 

2018 жылы ауылдық бюджетке жеке кіріс жоспары 108,4% орындалды, жоспар 57005 мың. 61789 мың теңге түсті. теңге.

2018 жылы шығындар 100% орындалды, жоспар 57005 мың. 56993,2 мың теңге жұмсалды. теңге.

Шығындардың жалпы сомасында ең үлкен үлес салмағын білім беру саласының шығыстары – 34 млн.630 мың теңге немесе 60,7% Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа – 5,8%, Көлік және коммуникация – 0,5% келеді

Өндіріс орындары

Ауылда бүгінгі күнге ЖК «Исапанова»-ның  наубайханасы бар, онда 5 адам жұмыс істейді. Қысқы күндері күніне 700 нан пісірсе, жазғы күндері күніне 1000 нан пісіреді. 2019-2021 жылдарға шұжық цехін ашу жоспарлануда 6 адамға жаңа жұмыс орны ашылады.

 

Кәсіпкерлік

 

Округте шағын және орта кәсіпорындар саны 350 бірлікті құрайды, оның ішінде 3 ЖШС, 77 шаруа қожалығы, 2 өндірістік кооператив және 34 жеке кәсіпкер және 2 СДО.Ауылдық округте 25 дүкен,4 кафе, 1 қонақ үй, 1 дәріхана бар. Қызмет көрсету бойынша 3 техника жөндеу орталығы  және 1 жанар-жағар май  стансасы жұмыс істеуде . Барлығы – 819 адам жұмыс істейді

 

Ауыл шаруашылығы

 

Қойлық ауылдық  округінде  Барлық ауыл шаруашылық жер қоры –22400 га  соның  ішінде:  егістік – 7611 га,  жайылым – 11813 га, шабындық – 2034 га, картоп – 164га, жеміс-жидек – 222 га, көп жылдық шөп-815 га.  Округ бойынша ауыл шаруашылық техника саны – трактор – 64, комбайн – 9, автокоөлік – 162

Округ бойынша мал саны – ірі қара -2433 о.і. аналық – 1010, қой-ешкі -8975 о.і. аналық – 4200, жылқы – 539 аналық – 130, шошқа – 485 аналығы – 20, құс 5528 аналығы 3628   2020 жылға  50-басқа арналған товарлы сүт фермасы ашылып 5 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады.

 

Сумен жабдықтау және су бұру

 

Қойлық ауылын “Сарқан су құбыры” ШЖҚ МКК ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Округ бойынша су құбыры желілерінің ұзындығы 22,6 км құрайды. Қосылған абоненттер саны 820 (97,8%) құрайды

Орталық сумен жабдықтауға 1 мектеп, 1 дәрігерлік амбулатория, 1мешіт қосылған.

 

Электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау

 

Округтің электр жүйелеріне “ТАТЭК” АҚ балансында.Ұзындығы 60 км, 21 КТП-мен қызмет көрсетіледі. Барлық электр желілері 50 %  тозған, осыған байланысты электр энергиясының шығындары бар.

 

Көлік және коммуникация

 

Автомобиль жолдарының ұзындығы–34,98 км. оның ішінде қатты жамылғымен-8,78 км, тас төселгені -26,2 км. Округ көшелері 25,6% – ға ,26,2 км көше жолдары асфальттауды қажет етеді.

Округте барлығы  33 көше бар, оның ішінде 15,3 км болатын 4 көшеде ғана жарықтандырылды.

 

Білім

 

Округте 1 мектеп,  типтік мектеп жұмыс істейді.

1.КММ Қойлық ауылының М.Жұмабаев атындағы орта мектебі, салынған жылы 1976 ж., ғимарат типтік, жобалық қуаты 960 орындық. Жылыту түрі-автономды. Мектеп алды дайындығында 28 бала.

1-11 сыныптарда барлығы 482 оқушы. Салынған жылдан бастап ғимарат 1 рет күрделі жөндеуден өткізілді.

Мектепте 6 – интерактивті тақта, 3 – мультимедиялық кабинет орнатылды. Мектеп жаңа үлгідегі кабинеттермен жабдықталған. Бүгінгі күні мектеп интернет желісіне қосылған, 1 компьютерге 8 оқушыны компьютерлермен қамтамасыз етіледі. Мектепте 1 химия, 1 физика кабинеті бар.

Округте  100 орындықты «Айдана»  бала бақшасы жұмыс істейді.

Округтегі 3-6 жас аралығындағы балалар саны – 145. Оның ішінде  143 балалар мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған ,яғни  98,6% құрайды .

 

Денсаулық сақтау

 

Округте 1 медициналық мекеме бар.Қойлық ауылында 1 дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді.

1) Алмалы ауылының дәрігерлік амбулаториясы, салынған жылы 2011ж, типтік. 2 дәрігер және 14 орта мед.персонал жұмыс істейді.

Қойлық ауылдық  дәрігерлік амбулаториясында 10 төсектік күндізгі амбулатория жұмыс істеп, ауыл тұрғындары күнделікті дәрі – дәрмекпен емделеді. Дәрігерлік амбулатория жедел жәрдем машинасымен қамтамасыз етілген. 2018 жылы 38 бала туылды, өлім-жітім 29 адам.

Мәдениет және спорт

Қойлық ауылдық округі бойынша    1-Мәдениет үйі ,1- стадион – , 1-радиоканал , 5-телевизиялық канал жұмыс істеп тұр

Кәкімжан Қазыбаев атындағы Қойлық ауылдық мәдениет үйінде 2 мәдениет қызметкері 2 – еден жуушы, 3 – күзетші жұмыс жасайды.  Мәдениет қызметкерлері мен ауыл өнерпаздары жоспарлы жұмыстарымен  қатар атаулы және халықтық мерекелерді өткізіп, аудан мен облыс көлемінде әртүрлі мәдени іс-шараларға қатысып жүр. Ауылдық кітапхана да толыққанды жұмыс жасайды.

 

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

 

2018 жылы экономикалық белсенді халық саны 1785 адамды құрады. Жұмыспен қамтылған халық саны 1754 адамды құрады, оның ішінде өзін – өзі жұмыспен қамтығандар – 669 адам, өнімді емес-49адам.

2018 жылы жұмыссыздар саны 10 адамды, жұмыссыздық деңгейі – 1,7%, жастар жұмыссыздығы – 1,2%, әйелдер жұмыссыздығы – 1,3% құрады.

2019 жылы 1 шілдеге АӘК жаңа форматтағы 61 отбасына кедейлік шегінен төмен 10 млн 3,0 мың теңгеге тағайындалды.

Округте 112 мүгедек және 402 зейнеткер тұрады.

 

Қоғамдық қауіпсіздік

Округте учаскелік полиция пункті жұмыс істейді. Өртке қарсы қызмет бөлімшесі жоқ, округ орталығы аудан орталығынан 44 шақырым қашықтықта орналасқан.

Қатты-тұрмыстық қалдықтар полигоны жоқ.

 

Алмалы ауылдық округі бойынша проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы:

 

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

Қойлық ауылдық округіндегі проблемалар мен қауіптердің қысқаша сипаттамасы:

– Қойлық ауылындағы стадионға күрделі жөндеу қажет;

– Қойлық ауылындағы ішкі жолдарды орташа жөндеу;

– ауданның мектептері мен дәрігерлік амбулаторияларына апаратын көшелерді жарықтандыру.

– электр желілерін жаңғырту.

Табысы кедейлік шегінен төмен отбасылар санының азаюы.

Қойлық ауылдық округіндегі проблемалар мен қауіптердің қысқаша сипаттамасы:

– Қойлық ауылындағы стадионға күрделі жөндеу қажет;

– Қойлық ауылындағы ішкі жолдарды орташа жөндеу;

– ауданның мектептері мен дәрігерлік амбулаторияларына апаратын көшелерді жарықтандыру.

– электр желілерін жаңғырту.

Табысы кедейлік шегінен төмен отбасылар санының азаюы.

 

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Іс-шаранын атауыАяқтау нысаныҚаржыландыру көлемі (мың.теңге)Қаржыландыру көзіІске асыру мерзімдері
123456
IV. БІЛІМ БЕРУ
 
V.  ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
1.2Қойлық ауылында көше жарығын орнатуға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу. Абай, Рысқұлов көшесі – 6 км2020 жыл 1350Жергілікті бюджет 2020
1.3Қойлық ауылында көше жарығын орнатуға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу. Богенбай батыра ,Майлина көшесі – 9 км2020 жыл 2450Жергілікті бюджет 2020-2021жыл
1.4Қойлық ауылдық округінің көшелеріне жарық беру (Абай, Рысқұлов көшесі – 6 км)2021 27000Жергілікті бюджет 2021жыл
1.5Қойлық ауылдық округінің көшелеріне жарық беру қондырғысы (Жамбыл, Бөгенбай батыр, Б.Майлина – 9 км)2021 49000Жергілікті бюджет 2021жыл
1.6Қойлық ауылында орналасқан футбол алаңын күрделі жөндеудің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу20202000Жергілікті бюджет2020
1.7Қойлық ауылында орналасқан футбол алаңын күрделі жөндеу202140000Жергілікті бюджет2021
VI. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
1.1Ауыл көшелерін орташа жөндеу (Қабанбай батыр, Б. Майлина, Ш.Уәлиханов) жалпы км-6 км2019 жыл 78000Жергілікті бюджет 2020-2021
Басқа
1.1Кеңсе ғимаратын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу20213195Жергілікті бюджет2021

 

Қойлық ауылдық округінің әкімі                                            Е.Қахарманұлы

 

Мәліметпен бөлісу:

Бейне роликтер