ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген

№___

  «    » __________20__ жыл

 

 

Екіаша ауылдық округі 

(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)

Алматы облысы   Сарқан ауданы

(аудан және облыс атауы)

2019-2021  жылдарға

 

 

Әзірлеуші: «Сарқан ауданының

Екіаша  ауылдық округі әкімінің

аппараты » ММ

 

 

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы2019-2021 жылдарға арналған Алматы облысы Сарқан ауданы Екіаша  ауылдық округтің  дамыту бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары-Екіаша ауылдық округі екі ауылдан тұрады Екіаша ауылы және Тополевка ауылы

-Екіаша ауылдық округінің орталығы 1910 жылдан бастап Екіаша ауылы болып саналады ;

– Халық саны -3191 адам;

– Жалпы аумақ – 43761 га ;

– жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні 05.08.2016

-Оларға өкілеттік берілген мерзім-3жыл;

– жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны-18 адам.

 

 

 


  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

2.1 Екіаша  ауылдық округінің 2019 жылдың  1 шілдесіне  әлеуметтік-экономикалық  дамыту бағдарламасының талдауы  

 

 

2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

2019  жылғы 1 қаңтардағы халық саны 3191 адамды құрайды

Ауылдық округ бойынша 1 ЖШС, 209 ШҚ,13 жеке кәсіпкер тіркелді.

Егін және мал шаруашылығы – шаруа қожалықтары қызметінің негізгі түрі.

Бағдарлама экономикалық көрсетілетін қызметтерді, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты және т. б. мәселелерді қозғайды.

 

Бюджет және меншікті кірістер

 

2018 жылы ауылдық бюджетке жеке кіріс жоспары 102,5% орындалды, жоспар 58 908 мың. 60401,4 мың теңге түсті.

2018 жылы шығындар 100% орындалды, жоспар 58903 мың. 59899,7 мың теңге жұмсалды.

Шығындардың жалпы сомасында ең үлкен үлес салмағын білім беру саласының шығыстары – 34 млн. 972 мың теңге немесе 64,5% Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа – 2%. Көлік және коммуникация – 0,8% келеді

 

 

Округте шағын және орта кәсіпорындар саны 1 бірлікті құрайды.Наубайхана ИП «Образцова И».

2019-2021 жылдары Сүт цехы ашылуы жоспарда.5 жұмыс орны  ашылады.

 

Кәсіпкерлік

 

Округте шағын және орта кәсіпорындар саны 224 бірлікті құрайды, оның ішінде 1 ЖШС, 209 шаруа қожалығы, 1 өндірістік кооператив және 13 жеке кәсіпкер.Онда 860 адам жұмыс істейді.

 

Ауыл шаруашылығы

 

Екіаша ауылдық  округінде  барлық жер 41460 га, оның ішінде  10828 га егістік жер, жайылым-25943 га, шабыңдық-4689 га.

2019 жылдың 1 шілдесінде мал басы: мүйізді ірі қара -8293,оның ішінде сиыр-3352,ұсақ мүйізді -12488,жылқы-2032,құс-9492 құрады.

124 -трактор ,16-комбайн тіркелген.

 

Сумен жабдықтау және су бұру

 

Екіаша ауылын “Сарқан су құбыры” ШЖҚ МКК ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Округ бойынша су құбыры желілерінің ұзындығы 6,3 км құрайды. Қосылған абоненттер саны 2458 немесе 634 үйдің 90  қосылған (14,2%).

Округте 2 су резервуары іске қосылған.

 

Электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау

 

Округтің электр жүйелеріне “ТАТЭК” АҚ байлансында.Ұзындығы 125 км. Барлық электр желілері 95 %  тозған. Осыған байланысты электр энергиясының шығындары бар.

 

Көлік және коммуникация

 

Автомобиль жолдарының ұзындығы–31,8 км. Оның ішінде қатты жамылғымен-3,5 км, тас төселгені -28,3 км. Округ көшелері 11% – ға асфальтталған. Округте барлығы  12  көше бар, оның ішінде 3 км болатын 2 көшеде ғана жарықтандырылды.

 

 

Білім

 

Округте Екіаша ауылында 1 типтік және Тополовка ауылында 1бейімделген мектеп жұмыс істейді.

 

1.КММ Екіаша – Екіаша  орта мектебі, салынған жылы 1969 ж., ғимарат типтік, жобалық қуаты 960 орындық. Жылыту түрі-автономды. 1-11 сыныптарда 447 оқушы бар. Мектеп алды дайындығында 40 бала.

Салынған жылдан бастап ғимарат 1 рет 2013 жылы күрделі жөндеуден өткізілді.

  1. КММ Тополовка –Тополовка орта мектебі, салынған жылы 1988 ж., ғимарат типтік, жобалық қуаты 80 орындық. Жылыту түрі-автономды. Мектеп алды дайындығында 5 бала.

1-11 сыныптарда барлығы 64 оқушы. Салынған жылдан бастап ғимарат   күрделі жөндеуден өткізілмеді.

80 орынға арналған ,25 орындық шағын орталығы бар жаңа мектеп салыну жоспарда.

Мектепте 3 – интерактивті тақта, 1 – мультимедиялық кабинет орнатылды. Мектеп жаңа үлгідегі кабинеттермен жабдықталған. Мектепте 1 биология ,1 физика кабинеті бар Бүгінгі күні мектеп интернет желісіне қосылған, 1 компьютерге 7,4 оқушыны компьютерлермен қамтамасыз етіледі..

Округте  140 орыныдқты «Балдаурен»  бала бақшасы жұмыс істейді. Салынған жылы 1989.Күрделі жөндеуден 2008 жылы өтті.

Округтегі 3-6 жас аралығындағы балалар саны – 223. Оның ішінде  185 балалар мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған ,яғни  83% құрайды .

 

Денсаулық сақтау

 

Екіаша ауылында 1 дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді.

 

1). Екіаша ауылының дәрігерлік амбулаториясы, салынған жылы 2012 ж, типтік. 1 дәрігер және 16 орта мед.персонал жұмыс істейді.

Күндізгі емделу стационарда-5 орын.

2018 жылы 46 бала дүниеге келді, 23 бала қайтыс болды.

Ағымдағы жылдың 6 айында 27 бала дүниеге келді,8 бала қайтыс болды.

 

 

                                                 Мәдениет және спорт

 

Мектепте 2 спорт нысаны бар, оның ішінде 1 спорт залы бар.

Екіаша ауылында 19621 жылы салынған 1 мәдениет үйі және 1 кітапхана бар.2014 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

 

Жыл сайын дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындардың саны өсуде, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың қамтылуы 882 адамды немесе 27,7% құрады.

 

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

 

2018 жылы экономикалық белсенді халық саны 1842 адамды құрады. Жұмыспен қамтылған халық саны 1806 адамды құрады, оның ішінде өзін – өзі жұмыспен қамтығандар – 598 адам, өнімді емес-88 адам.

2018 жылы жұмыссыздар саны 36 адамды, жұмыссыздық деңгейі – 1,9%, жастар жұмыссыздығы – 1,2%, әйелдер жұмыссыздығы – 1,3% құрады.

2019 жылы 1 шілдеге АӘК жаңа форматтағы 22 отбасына кедейлік шегінен төмен 2,5 млн теңгеге тағайындалды.

Округте 85 мүгедек және 285 зейнеткер тұрады.

 

Қоғамдық қауіпсіздік

Округте учаскелік полиция пункті жұмыс істейді. Өртке қарсы қызмет бөлімшесі жоқ, округ орталығы аудан орталығынан 22 шақырым қашықтықта орналасқан.

Қатты-тұрмыстық қалдықтар полигоны жоқ.

 

Екіаша ауылдық округі бойынша проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы:

 

2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер

 

-Ауылдағы совет одағының батыры В.Д.Беленко және ҰОС-ардагерлерінің ескерткіштеріне күрделі жөндеу жумыстары қажет.

– Екіаша және Тополевка ауылы жолдарына орташа жөңдеү қажет

– Екіаша ауылының Амангелді к-сі,Жастар к-сі,Абылайхан к-сі.Тополевка ауылының Жансүгір к-сі,Тәүелсіздік көшелерінде жарықтандыру жөндеү.           -Қатты-тұрмыстық қалдықтар полигоның заңдастыру.

 

 

III.БІЛІМ БЕРУ

 

Іс шараның атауыАяқтау нысаныҚаржыландыру көлемі (мың.тенге)Қаржыландыру көзіІске асыру мерзімдері
123456
3.1Мектеп салу 25 орындық шағын орталығымен. Тополевка ауылы 20000жергілікті бюджет2021

 

 

 

  1. IV. ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ ПО РЕАЛИЗАЦИИ ПРОГРАММЫ РАЗВИТИЯ МЕСТНОГО СООБЩЕСТВА

 

Іс шараның атауыАяқтау нысаныҚаржыландыру көлемі (мың.тенге)Қаржыландыру көзіІске асыру мерзімдері
123456
IV. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
4.1Екіаша ауылының(Амангелді,Жастар,Абылайхан)көшелерін жарықтандыруға ЖСҚ-сын жасауЖСҚ2500Жергілікті

бюджет

2020
4,2Тополевка ауылының (Жансугуров,Тауелсіздік) көшелерін жарықтандыруға ЖСҚ-сын жасау

 

ЖСҚ1500Жергілікті

бюджет

2020
4.3Екіаша ауылының(Амангелді,Жастар,Абылайхан)көшелерін жарықтандыруын орнату 15 км.Көрсетілген жұмыстар Актісы25000Жергілікті

бюджет

2021
4.4Тополевка ауылының (Жансугуров,Тауелсіздік) көшелерін жарықтандыруын орнату 10км.

 

Көрсетілген жұмыстар Актісы20000Жергілікті

бюджет

2021
V.КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
5.1Екіаша және Тополевка ауылдарының ішкі жолдарының орташа жөндеу жұмыстары 20км. 25000Жергілікті

бюджет

2020
VI. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ
6.1совет одағының батыры В.Д.Беленко және ҰОС-ардагерлерінің ескерткіштеріне күрделі жөндеу жумыстары ЖСҚ-сын жасауЖСҚ2000Жергілікті

бюджет

2020
6.2совет одағының батыры В.Д.Беленко және ҰОС-ардагерлерінің ескерткіштеріне күрделі жөндеуден өткізүКөрсетілген жұмыстар Актісы40000Жергілікті

бюджет

2020
     
VII. БАСҚАДА ЖҰМЫСТАР
7.1Әкімшілік ғимаратқа күрделі жөндеу жасауға ЖСҚ-сын жасауЖСҚ2000Жергілікті

бюджет

2020
 
7.2 Әкімшілік ғимаратты күрделі жөндеуден өткізүКөрсетілген жұмыстар Актісы40000Жергілікті

бюджет

2021
      

 

 

Екіаша ауылдық округі әкімі:                                                 М.Естеуов

Мәліметпен бөлісу::

Бейне роликтер