Сарқан ауданы әкімдігінің
ресми интернет ресурсына қош келдіңіздер!

Саялы Сарқан өңірі топырағы құнарлы, тұрғындары шырайлы Алатаудың қойнауында орналасқан аудан. Аудан өзіндік жарқын тарихымен бай өлке.
Бiздiң сайтта бiз өңiр өмiрiнiң әр алуандылығын көрсетуге тырысамыз: iшкi саясаттық үдерiстер, қоғамдық бiрлестiктердiң қызметi, оның әлеуметтiк-экономикалық дамуы. Басқаша айтқанда, ауданда болып жатқан оң өзгерiстер туралы ақпарат оның электронды беттерiнде орналастырылып отырады.
Ауданда аграрлық сектордың дамуына, елiмiздiң азық — түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және ет экспортының әлеуетiн дамытуына көп көңiл бөлiнуде.
Өңiрде Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаев белгiленген “Қазақстан – 2050” Стратегиясының ажырамас бөлiгi болып табылатын әлеуметтiк бағдарламалар ойдағыдай iске асырылуда.
Осы сайт арқылы біз аудан өмірін жан-жақты көрсетуге тырысамыз. Бізбен бірге болыңыздар.

Разбеков Марат Мелісұлы

Сарқан ауданының әкімі

Разбеков Марат Мелісұлы

Сарқан ауданының әкімі
Құрметті Сарқан ауданының тұрғындары!
  • 19.03.2020

« БЖЗҚ» АҚ Алматы облыстық филиалы Сіздерге 2020 ж.  01 сәуірінен бастап Сарқан қаласы Бұғыбай батыр көшесі, Чепрасов көшесінің қиылысында орналасқан Сервистік орталықтың жабылатынын хабарлайды. 2020 ж 01сәуірінен бастап осы мекен-жай бойынша қашықтағы жұмыс ұйымдастырылады. Телефон: 8 (72839) 2-15-73.

 

Қор филиалдары мен бөлімшелерінің қазіргі тізімін www.enpf.kz веб сайтындағы «Бізбен байланысу» бөліміне өтіп, БЖЗҚ байланыс орталығына 1418 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.

Достар, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша несиелік өтінімдерді қабылдауды бүгіннен бастаймыз.
  • 11.03.2020

Биыл аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін бюджет тарапынан бөлінетін лимит мөлшері екі есеге ұлғайтылды. Ол 100 млрд теңгені құрайды. Яғни, қолжетімді заемдар осы жылы шамамен 10 000 отбасыға беріледі.
Жергілікті әкімдіктен отбасының мәртебесін (көпбалалы, толық емес, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасы) растайтын жолдаманы алған соң Банкке құжаттар тапсыру үшін келіп, заем алуға өтінім беру керектігін естеріңізге саламыз.


Заем мөлшерлемесі бұрынғысынша жылдық 2%-ды құрайды, бастапқы жарна – 10%. Биылғы жылы енгізілген басты өзгеріс – ең жоғары табыс көлемі. Енді ол күнкөріс минимумының мөлшеріне сәйкес есептелінетін болады. Талаптарға сай, жеңілдетілген заем алу үшін әр отбасы мүшесіне келетін табыс мөлшері соңғы алты айда ай сайын екі күнкөріс мимнимумынан, яғни, 62 366 теңгеден аспауы қажет. Яғни, бұған дейін осы талапқа сай келмеген отбасылар осы жылы бағдарламаға қатысып, қоныс тойын тойлай алады.
Өткен жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 4 862 қазақстандық отбасының тұрғын үй мәселесін шешуге септігін тигізді. Бұған қоса, тағы 261 отбасы несиелері бойынша мақұлдау алып, болашақ баспанасын іздестіріп жатыр. Осылайша, банк табысы төмен отбасыларға қолжетімді несиелер беру мақсатында 2019 жылға бөлінген 50 млрд теңге қаражатты игерді.

Хабарландыру !!!
  • 29.02.2020

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға  өтініш білдірген, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары және мемлекеттік қызметкерлер мен әскери және бюджеттік қызметтегі азаматтар «Сарқан аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келіп құжаттарын қайта  жаңартып өткізулерін сұраймыз,  Мекен жайымыз: Сарқан қаласы Тәуелсіздік көшесі  №111, 2 этаж  17 каб. Тел-2-18-73, Қабылдау мерзімі 2020 жылғы 1 наурыздан сәуір айының 28-не дейін.

ZhasProject гранттық байқауы
  • 7.02.2020

Өз арманыңды іске асыру үшін әлеуметтік жоба ұсынып, 1 000 000 теңге грант ұтып алу мүмкіндігіне ие бол!
ZhasProject гранттық байқауы 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап 1 наурызға дейін өтеді.
Сонымен қоса, қатысушылар оқытудан өтіп, шәкіртақы алады (40 000 немесе 60 000 теңге).


Жастар үшін ерекше басымдық:
– оқымайтын және жұмыс істемейтін
– жұмыс істейтін, бірақ табысы төмен.
Жасы – 14-тен 29 жасқа дейін (мектеп оқушыларынан басқа).
Zhasproject.kz сайтында шарттармен танысып, өтінім беруге болады.
8 800 080 15 20 Call-орталығы (ҚР бойынша қоңырау соғу тегін) немесе Whatsapp 8 700 080 15 20 бойынша кеңес алуға болады.
Сондай-ақ, біздің Instagram @zhasproject парақшамызға кіріңіздер.
ZhasProject аясында іске асырылған әлеуметтік жобалардың кейбір үлгілері:
@zhasproject_altynzaman
@zhasproject_happymom
@zhasproject_zhihaz
Өз қалаңызды, ауданыңызды немесе ауылды жақсарту бойынша Сізде не таныстарыңызда идеялар бар болса – ұсыныңыздар!
АРМАНДА! ҰСЫН! ІСКЕ АСЫР!

Хабарлама

Құрметті Сарқан ауданының тұрғындары!

« БЖЗҚ» АҚ Алматы облыстық филиалы Сіздерге 2020 ж.  01 сәуірінен бастап Сарқан қаласы Бұғыбай […]

Толығырақ
Достар, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша несиелік өтінімдерді қабылдауды бүгіннен бастаймыз.

Биыл аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін бюджет тарапынан бөлінетін лимит мөлшері екі есеге ұлғайтылды. Ол […]

Толығырақ
Хабарландыру !!!

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға  өтініш білдірген, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары […]

Толығырақ
ZhasProject гранттық байқауы

Өз арманыңды іске асыру үшін әлеуметтік жоба ұсынып, 1 000 000 теңге грант ұтып алу […]

Толығырақ

Сарқан ауданы әкімі аппаратының сенім телефондары

Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану фактісі және мемлекеттік мекемелердің лауазымдық тұлғаларының әдеп кодексі, мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларын бұзу, азаматтардың құқықтарын бұзу, сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жасау фактілері жөнінде аудан әкімдігіне

8 (728 39) 2-12-33

Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қандай да бір құқықбұзушылық фактілері орын алған жағдайда немесе әкімшілік кедергілерге тап болсаңыз Сарқан ауданы әкімі аппаратының «Сенім телефонына» хабарласуларыңыз

8 (72 839) 2-21-32

 

Салық төлеушілерге

Бейне роликтер